"Шуақты көңіл жырлары"

      Ұлттық поэзияға өзіндік үлес қосқан, киелі Торғай жерінің перзенті, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, баспагер, аудармашы Ысқақ Бақыткерей Зәйкеұлының 70 жас мерей тойына орай "Шуақты көңіл жырлары" атты портрет кеші болып өтті. Кешке арнайы шақырылған қонақтар  Арқалық қалалық әкімінің орынбасары Мәметеков  Исламбек Жеңісұлы, Арқалық қалалық әкімінің орынбасары, ақын Бақыткерей Ысқақовтың жиені Дәуренбек Ибрашұлы, Қаламыздың құрметті азаматы Жұмағали Сүлейменұлы,Оюшы-қолөнер шебері, өлкетанушы,Шыңғыс хан акедемиясының   құрметті   академигі,  ақын Бақыткерей Ысқақтың құрдасы,сыныптасы қаламыздың құрметті азаматы Байділдин Шөптібай ағай.қатысты.

  Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, келген қонақтар ақын жайлы сыр шертті. Студенттер Б.Ысқақтың өлең шумақтарын нақышына келтіріп оқыды, ән шырқады. Арнай слайд жасалып, Б.Ысқақтың асыл жары Жанар апамыздың ағамыз жайлы айтқан ой-толғамы экраннан  көрсетілді. Кеш соңында №2 ОӘҒК директоры Нұрманова Алма Жақсылыққызы келген қонақтарға алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады. Жалпы бұл кешке Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық  Институтының 3-курс студенттері мен Экономика және құқық колледжінің 1-курс студенттері қатысты.  Іс-шараны ұйымдастырған оқу залының кітапханашысы Аубакирова К.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска