Файзолла ақын тағылымы.


27.02.2020 ж.
Файзолла ақын тағылымы.
         «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында  27 ақпан күні № 2 ОҒӘК-ның оқу залының кызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, дінбасы, қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлына арналған «Файзолла ақын тағылымы» атты  әдеби бұрышының ашылу рәсімі өтті.
 Мақсаты: Файзолла Сатыбалдыұлының өмірі мен қайраткерлігін, ақындығын, ғибратты ғұмырын оқырмандарға таныстыру.
 Рәсімге Файзоллатанушылар, ақынның өзін, көзін көрген ел ағалары және ұрпақтары Рамазан Зияуйтенов және Сатыбалдин Асхат- немерелері, шөбересі Толқын Сатыбалдина, Қоғам қайраткер, сазгер,Арқалық қаласының құрметті  азаматы - Кәки Ақан Шәріпұлы, Арқалық қалалық «Мухтасиф Алмұхаммед молла» мешітінің имамы-Дархан Исламбекұлы, Еркін Қожахмет ата, Хамитбек Кәмәлиұлы және болыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Мұрат Жүнісұлы, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражай қызметкері Сағынтаев Батырлан және  Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 8 сынып оқушысы Абдіғапарова Дарина /ғылыми жоба қорғаушы/ жетекшісі Молдахметова Роза Карбозовна  қатысты.
Рәсімді ашу салтанаты - Кәки Ақан Шәріпұлы және  Файзолла Сатыбалдыұлының шөбересі Толқын әдеби бұрышының кермек жібін кесті.  Қонақтар ақын Файзолла Сатыбалдыұлының өміріне қатысты деректер мен тағылымды шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның өлеңдердері оқылды. Сонымен бірге Кәки ата, Файзолла Сатыбалдыұлы туралы естіп, білгендерің, көргендерің айтып «Тоқымбет» жырының мақамына келтіріп  үзінді орындап берді. Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының түлегі  балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты-Елдос Тоқтарбай. Файзолла атамыз туралы өз пікірі  бейнежазба арқылы тыңдалды. Файзолла атамыздың шығармаларын зерттеп жүрген жас айтыскер ақынымыз Дала  өлке мұражай қызметкері Батырлан сөз кезегінде Мағжан Жұмабаевпен айдауда бірге болған торғайлық Файзолла ақынның өлеңдері табылғаны туралы айтып өтті. Кеш соңын жас оқырманымыз  Ерасыл Файзолла атасына арналған арнауын оқыды.  Алаш тілекті, абзал жүректі Файзолла атамыздың шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихының жарқын беттерінің біріне айналарына сеніміз біздің де мол. Кеш соңы рәсімге қатысқан оқырман қауымның естелік суретке түсуімен аяқталды. Қатысқан адамдардың саңы 56.



Файзолла ақын тағылымы.
27 февраля в читальном зале состоялось торжественное открытие литературного уголка акына, уроженца нашего региона Файзолла Сатыбалдыулы.  Файзолла Сатыбалдыулы (27.09.1883, быв. Тургайский уезд, поселение Батпаккара - 1959) - религиозный деятель, поэт, в совершенстве знал все суры Корана, получивший за это звание Куран-кари. На мероприятии присутствовали потомки поэта,это внуки  Рамазан Зияуйтенов, Асхат Сатыбалдин, правнучка Толқын Сатыбалдина, а также почитатели таланта акына общественный деятель Кәки Ақан Шәріпұлы, Еркін Қожахмет ата, Хамитбек Кәмәлиұлы, имам мечети Д.Исламбекұлы и др. Почетную миссию –перерезать зеленую ленту было возложено Кәки Ақан Шәріпұлы и правнучке Толқын, а Батырлан Сагинтаев, сотрудник музея Степного края и Абдіғапарова Дарина, ученица СШ-которые занимаются исследованием жизни и творчества акына и пишут научную работу, рассказали о мужественном земляке. Мужество поэта заключается в том, что в годы тоталитаризма и строжайшей цензуры он в открытую говорил о нуждах и чаянах народа, о голодоморе. В 1918-22 годах Файзолла Сатыбалдин работал начальником волостной милиции, в эти годы он объезжает ауылы (Есиль, Атбасар), собирает продукты и раздает их своим землякам, спасая их от голодной гибели.
         Данное мероприятие способствует сохранению исторической памяти, воспитанию чувства гордости за наш край у подрастающего поколения и его жителей, формирование у молодежи любви к малой родине на примерах героических земляков, таких как Файзолла Сатыбалдыулы. Присутствовало 56 человек.









Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска