«Газет - халықтың құлағы, көзі, һәм тілі»


                   Газет-журнал оқысаң, көзіңді қазақ ашасың,
                     Дүние халін білмесең, ілгері қалай басасың?
                   Білгіштердің соңынан шұбырып біз де ерелік,
                 Газеттің сөзі - ертегі, ерігіп жазған демелік!
                             
                                            Міржақып Дулатов.
       Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында   16 тамыз 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қалалық апталық  «Торғай» газетінің төл мерекесіне орай  «Газет- халықтың құлағы, көзі, һәм тілі» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесудің мақсаты, қаламызда апта сайын шығып тұратын «Торғай» қалалық газетінің шығу тарихымен таныстыру. Тілшілердің жұмысымен танысып, еңбегін бағалау. Оқырмандардың газет туралы білімдерін кеңейтіп, өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру болып табылады.
     Кездесуге қаламыздың құрметті азаматы, оюшы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин  мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы арнайы шақырылды. Қонақтарға газеттің тыныс тіршілігі, алатын әліпбиі, туған, жер туралы арнайы дайындалған сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды. Сонымен қатар, оқырмандар газет журнал туралы заманға сай көкейлеріндегі сұрақтарын қонақтарға қойды. Кешке Әбсәлем Рүстем өз ән шашуын жолдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
      Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешке келген қонақтар мен оқырмандарға арнайы қойылған көрме таныстырылды. Қорытынды сөз кітапхана директоры Қазына Байсабекқызына беріліп, келген қонақтарға алғыс білдірді. Сөз соңында қонақтарға кітаптар сыйға тартылды.


Газете «Торғай» -  20!
Ровно два десятилетия назад, после трех месяцев «затишья» на информационном пространстве Аркалыка появилась новая газета регионального значения. В 1997 году город Аркалык во второй раз перешел в состав Костанайской области после очередной реорганизации Тургайской области. До этого времени для читателей тургайского региона основными печатными средствами массовой информации являлись газеты «Тургайская новь» и «Торғай таңы». По инициативе экс-акима города Бахытжан Болеповой был объявлен конкурс, связанный с поиском редакторов для первой в Аркалыкском регионе городской газеты. После проведения данной процедуры и получения лицензии первым редактором газеты «Торғай» стал Ахметхан Байжанович Байжанов. За это время, а точнее говоря, с конца первого десятилетия и по нынешний день газету возглавляло еще два редактора. В настоящее время главным редактором газеты является Арыстан Есмухамбетович Айтмагамбетов, с приходом которого в облик и содержание газеты было внесено немало ноу-хау. Да и личность самого А. Айтмагамбетова широко известна не только в нашем регионе, но и далеко за пределами области. Ведь А. Айтмагамбетов не тольео автор многих публикаций в областных и республиканских СМИ, но и книг, в том числе направленных на популяризацию имиджа нашего родного края.

         Газета «Торғай» являясь, так называемой четвертой властью отражает историю современного Аркалыка, и является летописцем города – так рассказывали о газете «Торғай» на пресс-конференции внештатный кореспондент газеты Мұрат Жүнісұлы и краевед, мастер прикладного искусства Шөптібай Байділдин. Мероприятие прошло в рамках программы «Рухани жаңғыру», в стенах Областной универсальной научной библиотеки № 2, 16 августа. 


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска