«Айтыс жырдың дүлдүлі»


            22.04.2019                               «Айтыс жырдың дүлдүлі»
    Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай Қазақстанның халық ақыны, айтыскер-сазгер, жазушы-сатирик, журналист Қонысбай Әбілге арналған «Айтыс жырдың дүлдүлі» -атты жаднаманың тұсау кесер рәсімі өткізілді.
   Қазақ тарихы күймен жазылған, шежіресі шешендікпен өрілген, өмірі әнмен әспеттелген, өнер десе ішкен асын жерге қоятын талантты халық. Сәйкесінше...Ел бастаған көсемдерге, сөз бастаған шешендерге кемде емес. Солардың бірі де бірегейі жас кезінен  есімі елге танылған, отызында орда бұзып, ел аузына ілінген, халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған жаднаманың бірінші бөлімі «Өмірді жырымен өрнектеген», бұл бөлімде айтыскер ақынның өмірбаяны берілген. Жаднаманың екінші бөлімі «Ақберген жырға адалдық» айтыскердің шығармашылығы жайлы, айтыс – арқалыларымен айтысқан өнері, шығармалары, мерзімді басылымдағы жарияланымдары, ол туралы және шығармалары мен өмірінен фотосуреттері енгізілген. Жаднаманың үшінші бөлімі «Жыр қанатың талмасын» атты ақын ағамызға арналған үзенгілес ағалары, соңынан ерген ақын інілерінің арнаулары, лебіздері, өлеңдері жинақталған.
Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз  оқырмандарға Қонысбай Әбілге арналған  «Айтыс жырдың дүлдүлі» жаднамасын  насихаттай отырып, айтыскер ақынның жетістіктерімен таныстырып, сонымен қатар келешек ұрпақтың бойына ұлттық намыс, ұлттық мінез қалыптастырып, білімді де саналы, жігерлі жастарды тәрбиелеу. Кеш қонақтары, тұсау кесеріміздің кейіпкері Қонысбай Әбілдің апасы Әбілова Ақторта Іскендірқызы, Торгай Агротехникалық колледжінің қазақ тілі-әдебиет пәнінің мұғалімі айтыскер ақын Балмашева Бағила Кенжеғалиқызы, айтыс ақындарының жүлдегері атанып жүрген, облыстық «Дала өлкесі тарихы» мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, Жастар ресурсының директоры Ахметжанов Амангелді сөз алып, айтыскер ақын жайлы жақсы лебіздерімен бөлісті. Әбілова Ақторта Іскендірқызы Қонысбай Әбіл ағамыздың сазгерлігінің дәлелі «Бала махаббаты» атты  әнін, Балмашева Бағила Кенжеғалиқызы ағамыздың «14 жасар қыздың зары» атты әнін шырқап, айтыстан үзінді орындап, іс-шараны  әрі қарай өрбітті. Тұсау кесерге  Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің  3 курс студенттері қатысып, өлкемізден шыққан Қонысбай Әбілдің өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәліметтер алды. Қонақтарымызға ескерткіш сыйлық ретінде жаднаманы тарту еттік.



            22.04.2019                               Акын  из Торгая



                22 апреля в рамках Недели книги состоялась презентация библиографической пособия  «Айтыс жырдың дүлділі», посвященная 65-летию айтыскера, ақына Қонысбая Абил (Әбіл). Пособие состоит из трех разделов – 1 радел «Өмірді жырымен өрнектеген» посвящен биографии акына-айтыскера. Абил Конысбай Искендирулы (21.04.1954) – народный поэт Казахстана. Первый сборник стихов издан в 1980 г. Автор многих прозаических книг. Победитель айтыса акынов Средней Азии и Казахстана, проходившем в г. Ташкенте  в честь 150-летия со дня рождения Базар-жырау (1990), 3-го республиканкого. айтыса акынов. Айтысы Абиля "Мәңгілік көктем", "Жыр-шашу", "Деген екен" вошли в различные коллективные сборники. Награжден медалью "Астана". Из под его пера вышли такие произведения, как: Бастау. Сықақ өлеңдер. -А., 1980; Көршілер. Повесть пен әңгімелер.-А., 1987; Алаңғасар. Әзіл-сықақ әңгімелер мен скетчтер.-А., 1989; Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, калжың, кағытпалар. -Астана, 2000.
Второй раздел пособия «Ақберген жырға адалдық» посвящен его творчеству. Гости мероприятия, а это сестра акына Әбілова Ақторта Іскендірқызы, рассказала о семье, о начале творческого пути акына, а другая гостья- айтыскер, ақын Балмашева Бағила Кенжеғалиқызы, исполнила балладу, написанная акыном. Начинающий молодой  айтыскер и  ақын Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, посвятил арнау Конысбаю Абилу и вдохновенно ее исполнил.
             Третий раздел пособия «Жыр қанатың талмасын» -взял слово директор Молодежного ресурсного центра Ахметжанов Амангелды, ведь этот год- год молодежи: «Сегодня мы чествуем нашего народного поэта, который внес весомый вклад в становление страны, ее культуру. Отмечу, что все айтыскеры, в том числе и Конысбай ага, занимаются написанием книг и воспитанием нового поколения акынов. В разные годы импровизаторы своим острым словом покоряли зрителей в разных уголках страны. За вклад в развитие песенной и поэтической импровизации они удостоены ряда высоких наград. В копилке Конысбая Абилова свыше 30 сочинений, среди них «Бала махаббаты», «Аңсау», которые вошли в антологию казахских песен. Композитором написан ряд сатирических и прозаических произведений. Также к работам Абилова относятся некоторые сатиристические и прозаические композиции. И сегодня этот человек оставил глубокий след в истории казахской литературы. 
       Мероприятие прошло в теплой, дружеской обстановке, была возможность послушать фрагменты из выступления акына, пообщаться с гостями. На мероприятии с известными акынами, снискавшими всенародную любовь, присутствовали студенты учебных заведений нашего города, многочисленные поклонники Конысбая Абиля.








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска